Жаңалықтар

2025 жылғы ҰБТ-да ең жоғарғы балл жинаған – Түркістан облысының түлегі Жәнібек Әбілхан. ЕНТ-дан 140 балл жинаған ауыл оқушысына пәтер сыйға берілді. Бұған дейін Жәнібек Әбілхан білім алған оқу орталығы 140 балл жинаған түлекке пәтер сыйлайтынын жариялаған болатын. Орталықта мектеп бітірушіге пәтерге арналған сертификат табысталды. Орталық өкілдерінің айтуынша, баспана Жәнібек оқуға түсетін қалада оның отбасына […]

Бүгін — Мемлекеттік рәміздер күні. Мерекеге орай еліміздің түкпір-түкпірінде патриоттық бағыттағы шаралар өтеді. «Менің рәміздерім — менің мақтанышым!» акциясы аясында бір ғана Астана қаласының өзінде 500-ге тарта іс-шара жоспарланған. Мәселен, Бәйтерек монументі маңында концерт, Арбатта «Домбыра-party», қала тұрғындарымен викториналық ойындар және спорттық шаралар өткізу көзделген, деп хабарлады Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы. qazaqstan.tv

Биыл ата-аналардың шамамен 70 проценті мемлекеттік тілде оқытуды таңдады Бірінші сыныпқа құжат 1 сәуірден бастап қабылданады Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. «Білім туралы» заңға сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Өтінішті онлайн — eGov.kz электрондық үкімет […]

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар Ақордада қонақ болды. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына оқу үздіктері, пән олимпиадаларының, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, спорт сайыстарының жүлдегерлері, батыл әрекетімен көзге түскен балалар келді. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер де болды. […]

12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді. 18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған. «Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика […]