Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің ресми сайтына қош келдіңіз

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 Әлия Модағұлова атындағы №173  орта мектептің ең алғашқы  ірге тасы 1962 жылы  қаланған. Сол  жылдары  Қызылорда қаласының  батысынан Целлюлоза картон зауыты (ЦКЗ)  зауыт салынды. Зауыт құрылысын салуға Советтік Социалистік Республикалар Одағының түкпір-түкпірінен әртүрлі ұлт өкілдері келген.  Сол кезден бастап қала шетінен космонавт Титовтың  есімімен аталатын жаңа  шағын аудан пайда болды. Қоныс тепкендердің балалары үшін барак типіндегі мектеп  салынып, пайдалануға берілді. Бастапқы кезде 200-ге тарта оқушы білім алды.

МЕКТЕП БАСҚАРҒАН БАСШЫЛАР

 Рухани-парасатты мектеп ортасын қалыптастыру негізінде оқу мен тәрбие үрдісін заман талабына сай жаңа үлгіде дамытуда басшылық кәсіби құзіреттілігі, интеллектуалдық қабілеті жоғары мектеп директорларын орны ерекше.

1962-1975 жылдары Шастов Виктор  Федорович

1975-1980 жылдары  Гудменко В.М.

1980-1982 жылдары Скрынский В.Н.

1982-1984 жылдары  Фанзова А. Х.

1985-1991 жылдары  Салқынбаев Балтабай Бекешұлы

1991-1993 жылдары Байбазарова Сәуле Аскарбайқызы

1992-1994 жылдары  Махмудов Ринат

1995-1999 жылдары  Мұнарбаева  Дариха  Абсаматқызы

1999-2002 жылдары Егізбаев Аят  Жақсыбекұлы

2002-2009 жылдары  Жавзмагина Расима Шәкірқызы

200-92013 жылдары Иса Амангелді Жолмырзаұлы

2013-2019 жылдары Акназарова Галина  Узакбаевна

2019-2024 жылдары  Конырбаева Гулмира Расиловна

2024- жылдан бастап Кулгазиев Женисбек Райсбекович

1991 жылы мектепке халқымыздың батыр қызы Әлия Молдағұлованың есімі берілуі-үлкен оқиға саналды. Мектептің аты шығып, белгілі бола бастады. Титов мөлтек ауданының халық саны өсіп, мектеп оқушыларның саны 1300 баладан асты.