Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің ресми сайтына қош келдіңіз

Биыл ата-аналардың шамамен 70 проценті мемлекеттік тілде оқытуды таңдады 

 Бірінші сыныпқа құжат 1 сәуірден бастап қабылданады
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
«Білім туралы» заңға сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Өтінішті онлайн — eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай — ақ тікелей мектепте беруге болады. Өтінімдер дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Құжатты мемлекеттік egov.kz электронды үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір — 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:

ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;

№065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).

Шетел азаматтары үшін:

Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Министрлік құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, баланы мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырды.